Қазақстанда ірі қара саны көбеюде
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында биыл ірі қара мал басы 5 пайызға өскенін айтты.
Оның айтуынша, ішкі нарықты мал шаруашылығы өнімдерімен толықтыру үшін мал басын өсіру қамтамасыз етілуде. 2020 жылдың 7 айында ірі қара малының 5 пайызға, ұсақ малдың 2 пайызға, жылқының 9 пайызға өсуі байқалды.
Сонымен қатар ол өңделген өнім бойынша өсім болғанын айтты. Бұл тұрғыда ұн – 6,4%, өсімдік майы – 1,8%, макарон өнімдері – 8,4%, құс еті – 12,3%, қышқыл-сүт өнімдері – 4,7%, сары май – 12,9%, шұжық өнімдері 22,8 пайызға өскен.