Дерт дендеп барады: тағы бір адам covid-19 жұқтырды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында қазақстандық тағы бір адамның covid-19 ауруын жұқтырғаны туралы жазылды.

Жазбада былай делінген:

«Қазақстандағы коронавирус бойынша 27 наурыздағы (10:20 сағ.) жағдай:

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тiркелді.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында — 4, Шымкент қаласында — 2 адам, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам, Ақмола облысында — 1 адам жалпы 121 науқас тіркелді.»

 

Естеріңізге сала кетейік, бүкіл әлемді жаулаған пандемия біздің елге келгелі  121 азаматымыз қауіпті дертті жұқтырып, дәрігерлердің арқасында оның екеуі айығып шыққан. Өкінішке орай, бір адамның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.