Атырауда биылға жоспарланған алты үйдің құрылысы толық бітпейді
Жыл соңына дейін Атырауда апатты жағдайдағы 6 жатақхананың тұрғындары қоныс аударады. Бұл туралы Тelegram әлеуметтік желісінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.
Облыс әкімінің айтуынша, облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға 240 пәтерлік 6 үйдің құрылысы жүріп жатқан көрінеді. Оның төртеуі Береке ықшамауданында болса, екеуі – Нұрсаяда. Бірақ тұрғындары жыл соңына дейін көшірілуі керек құрылысқа жауапты мердігер компаниялардың уәдесі толық орындалмай отыр.
– Өкінішке орай, құрылыс материалдарының жетіспеуінен және басқа себептерге байланысты жылдың соңына дейін Береке ықшамауданындағы 3 үйдің ғана құрылысы аяқталады деп отырмыз. Яғни, 6-7 жатақхананы көшіруге мүмкіндік бар. Қай жатақхана көшірілетіні туралы да ойластырып жатырмыз. Ол туралы қосымша хабарлаймыз. Ал қалған 3 үй келесі жылдың бірінші жартыжылдығында бітеді деп күтілуде, – деп жазды Нұрлан Ноғаев.