Жаңалықтар
Ұлттық қордан балаларға аударылатын қаражатты ем-домға жұмсауға болмайды
Ұлттық қордан балалардың шотына аударылатын төлемді ем-домға жұмсауға болмайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев айтты, деп хабарлайды «Батыс-Инфо» ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып. «Біз бұл қаражатты емделуге жұмсау мәселесін ұзақ талқыладық. Денсаулық сақтау министрлігімен, Ұлттық экономика, Қаржы министрлігімен, жұртшылықпен, жұмыс тобы мүшелерімен бірлесе қарастырдық. Бұл ақшаны 1 және 2…
Толығырақ »«KPI Inc.» газ-химия кешені жөндеуден кейін қалыпты жұмыс режиміне көшті
“KPI Inc.” газ-химия кешені жөндеуден кейін қалыпты жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды зауыттың баспасөз қызметі. “KPI Inc.» газ-химия кешені жоспарлы жөндеу жұмыстарын аяқтап, полипропилен өндіруді бастады. Кешеннің барлық технологиялық қондырғысы штаттық режимге шығарылды. Алдымен пропилен өндіріліп, кейін тауарлық өнім параметрлеріне сәйкес келетін полипропилен алынады.
Толығырақ »С.Шәпкенов Сафон ауылдық округіндегі медициналық ахуал жайында айтты
Атырау облысының әкімі Сафон ауылдық округіндегі медициналық ахуал жайында айтты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып «Батыс-Инфо» порталы хабарлайды. Құрманғазы ауданына жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Сафон ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында өңір басшысы ауылдағы дәрігерлік амбулаторияның апатты жағдайда екендігін, сондықтан типтік жүйедегі дәрігерлік амбулатория салынатындығын…
Толығырақ »Қ.Тоқаев БҰҰ мінберінен Құран өртеу әрекеттеріне қатысты мәлімдеме жасады
БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құран кітапты өртеу әрекеттеріне қатысты пікір білдірді. «Жуырда қасиетті кітаптарға құрметсіздік таныту актілері болды. Біз осы жағдайға алаңдаушылық білдіреміз. Исламға және басқа да діндерге қатысты жасалған мұндай тағылық әрекеттерден еркіндіктің, сөз бостандығының және демократияның нышаны білінбейді. Құран секілді қасиетті кітаптардың бәрі…
Толығырақ »Атырауда әуесқой балықшылар қайығы соқтығысқан
Атырауда әуесқой балықшылар қайығы соқтығысқан, деп хабарлайды «Батыс-Инфо» ақпараттық порталы Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Бүгін сағат 07:00 шамасында Атырау қаласына қарасты Дамбы ауылы тұсында екі қайық соқтығысып, салдарынан 1973 жылы туған азамат ауыр күйде облыстық ауруханаға жеткізілген. Ал 1974 жылғы азамат оқиға орнында қайтыс болды. …
Толығырақ »Атырауда жоғалған бала кәріз құдығынан табылды
Атырауда жоғалған бала кәріз құдығынан табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға 19 қыркүйек күні Аққыстау ауылында болған. 30 жастағы тұрғын сағат 17:48 шамасында тәртіп сақшыларына 5 жастағы ұлының жоғалып кеткендігін айтып, көмек сұрапты. Оқиға орнына келген полицейлер іздестіру кезінде баланың дауысын үй маңындағы кәріз құдығынан шығып…
Толығырақ »Атырауда жекеменшік балабақша иелері шағымданды
Атырауда жекеменшік балабақша иелері жергілікті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке шағымданған. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, дейді «Батыс-Инфо» Кәсіпкерлердің сөзіне сенсек, Атырау облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөлімі және «Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығының» жергілікті филиал қызметкерлері «Qazna Face» пилоттық жобасына қатысу бойынша негізсіз талаптар қойған. Айта кетейік, «Qazna…
Толығырақ »Мас күйінде көлік жүргізген депутаттың ісі сотта қаралады
«Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Сания Мұратова қала ішінде «Lexus» автокөлігін мас күйінде жүргізген. Сол үшін оған әкімшілік іс қозғалды» деп хабарлайды «Батыс-Инфо» «Полиция 53 жастағы әйелдің көлігін тоқтатқан. Құжаттарын тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің иісі шығып тұрғаны байқалды. Жүргізілген сараптама нәтижесі оның алкогольді мас күйде болғанын көрсетті. Жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық…
Толығырақ »Атырауда «Қазақстан халқына» қорының қызметі өңірлер үшін» атты дөңгелек үстел өтті
Бүгін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Марат Әбуовтің төрағалығымен және «Қазақстан халқына» қоры төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаеваның қатысуымен «Қазақстан халқына» қорының қызметі өңірлер үшін» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды «Батыс-Инфо» порталы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасай отырып. Жиында Л.Шыңғысбаева «Қазақстан халқына» қорының жүзеге асырған қайырымдылық бастамаларына тоқталып, Атырау өңірінде…
Толығырақ »Германия Украина үшін 400 млн еуро жұмсамақ
Германия Украинаға көмек ретінде 400 млн еуро көлеміндегі қару-жарақ пакетін жөнелтпекші. Ал Киевтің қарсы шабуылы үшін таптырмас құрал – алыс қашықтықты дәл көздейтін Taurus зымырандарын жеткізуге байланысты нақты шешім қабылданбады. Жеткізілетін жаңа қару-жарақтың ішінде жарылғыш заттар, минометке арналған оқ-дәрі, бронотехника, және минаны залалсыздандыратын құрылғылар бар. Одақтас мемлекеттер өкілдерінің басқосуында сөйлеген…
Толығырақ »