2 млн.-нан астам тұмауға қарсы вакцина сатып алынды

Елімізде тұмауға қарсы 2 миллионнан астам вакцина сатып алынды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
– Жедел респираторлы вирусты инфекция мен тұмаудың өршитін маусымы келе жатыр. Қазіргі эпидемиологиялық кезеңде бірыңғай дистрибьютор тұмауға қарсы 2 199 990 вакцина сатып алып қойды. Бұл мөлшер – жалпы халықтың 11 пайызын қамтуға жол ашады, — деді министр.
Оның айтуынша, екпе жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жолдарында созылмалы аурулары бар адамдарға, жиі ауыратын балаларға, білім беру ұйымдарындағы балаларға, ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға, медициналық қызметкерлерге салынады.