Енді процессуалдық шешімдер электронды түрде қабылданады

Қазаннан бастап барлық процессуалдық шешім электронды түрде қабылданады. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн конференцияда айтты.
– Президенттің тапсырмасына сәйкес, азаматтардың қылмыстық процесте құқықтарын қорғау бойынша жасалып отырған жағдай. Кеше Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов іс-сапармен Павлодар облысына барып келді. Барлық процессуалдық шешімдердің тек қана электронды түрде қабылдау мәселесі қаралды. Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша, 1 қазаннан бастап азаматтардың құқығына зардап әкелетін барлық процессуалдық шешімдер электрондық түрде қабылданады, – деді ол.
Ахметжанов атағандай, шешімге қадағалайтын прокурор да, қорғаушы да баға бере алады. Қандай да бір заң бұзушылық көрініп тұрса, ол заңсыздықты прокурорлық қадағалаумен жоюға мүмкіндік бар.